Домой Новости Кореяда жұмыс істейтін қазақ баласы шетелдегі өмірімен бөлісті

Кореяда жұмыс істейтін қазақ баласы шетелдегі өмірімен бөлісті

Астаналық Бауыржан Ғалиев Корея мемлекетінде бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатыр. Ол корей халқының ерекшеліктері мен өзіндік артықшылықтары жайлы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Бауыржанның айтуынша, ол Оңтүстік Кореяға бармас бұрын, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеп бастаған. Алайда бір апта өте сала, ер жігіт бұл қызметті атқарғысы келмейтінін түсінді.

«Алғашқы жұмыс орным Петропавл қаласындағы Қаржы комитетінде болды. Мен ол жерге конкурстық негізде қабылданып, бір апта ғана жұмыс істедім. Өйткені мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы істеп жүргендерге қарап, қартайғанымша қағаздар мен құжаттар айналасында болу менікі емес екенін ұқтым.

Келесі белес Астана қаласы болды. Қарапайым консультант болып кіріп, бөлімше менеджері лауазымына дейін көтерілдім. Бұл қызметпен менің 10 жыл уақытым өтті.

Бір жұмыс орнында ұзақ отырып қалғаны Бауыржанға ұнамай, ол қызмет ауыстыруға бекінген.

«2017 жылдың басында мені белгілі IT-компанияға жұмысқа шақырған болатын. Жаңа жұмыс орнымның арқасында Кореяға үш айлық тәжірибе алуға жолдама алдым. Алайда бұл елде тұрып жатқаныма бір жылдан астам уақыт өтіп кетті», – дейді Бауыржан Ғалиев.

Қазақстандықтың айтуынша, Кореяны ол мүлдем басқаша елестеткен екен. Жан-жақтың барлығы компьютерлік жүйе мен соңғы технологиялармен қамтылған деп ойласа керек.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

«Корей халқы өте еңбекқор. Олар таң атысынан кеш батысына дейін үнемі жұмыс жасап жүреді. Оның үстіне адамдары өте ақкөңіл. Тіпті көшеде абайсызда қақтығысып кеткендер бірден бір-бірінен кешірім сұрап әлек. Ал егерде ұрыс болған жағдайда шапалақ тартып жіберген азамат 50 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді немесе түрмеге отырғызылады. Алайда мұнда төбелес атаулысы өте сирек орын алады. Адамдардың сыйластығы өте жоғары деңгейде. Қазақстандықтарға олардан көп нәрсе үйреу керек», – деді ол.

Оның айтуынша, Кореяда істелінген қылмыс жазасыз қалмайды. Өйткені көшелердің бұрыш-бұрышында қаптаған камера. Кішігірім құқықбұзушылық бірден тәртіп сақшыларының назарына түсіп отырады.

Сонымен қатар, Кореяда зейнеткерлер қауымы өте көп. Олардың көпшілігі бүкірейіп жүреді. Бұл корей халқының сүт өнімдерін көп қолданбауынан болса керек дейді Бауыржан.

«Қоғамдық көліктерде егде адамдарға орын босату Кореяда жат қылық саналады. Қарт адамдар өздеріне орын босатып бергендердің қылығын кемсіту ретінде көреді», – деп қызыға айтты қазақстандық ер азамат.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Бауыржанды Кореядағы мейрамханаларда су мен кофені тегін беру қатты таңғалдырған. Оған қоса кез келген кафеде қысқа толқынды пештерге өз тамағыңды ақысыз жылытып алуға мүмкіндік те бар.

Қазақстандық ер азаматты көбісі жапондық деп ойлап қала берген.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

«Корей халқы біздің елдің кеңдігіне тәнті. Олар аса үлкен аумақты Қазақстанның не себепті бос жер алқаптары игерілмей жатыр деген сауалдарын жиі қойып тұрады. Біздің мемлекетке қарағанда, Кореяда әрбір шақырым жердің өзі аса құнды. Олардың бос жатқан алқаптары да жоқ. Барлығына түгелдей күріш себілген», – деп айтты астаналық ер адам.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Алайда, корей халқымен ұқсас жақтарымыз да бар болып шықты. Бауыржанның айтуынша, бұл елдегі адамдар да мақтануды, байлыққа ұмтылуды жақсы көреді. Оған қоса асқан ақкөңілділігі мен қонақжайлығы қазақтардікіне өте ұқсас келген.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Рассказать Вконтакте

“Кореяға келіп жатқан отандарстарым жайлы көп естимін. Алайда қазақстандықтардың бұл жерге демаулға емес, ақша табуға келетіні менің көңіліме қаяу түсіреді”, – деп ашынды Бауыржан.

“Оларды да түсінуге болады. Қазақстандағы жалақыға отбасыны асырау қиын. Егер Кореядағы ең төмен еңбекақыға көлік алуға мүмкіндік болса, біздің елде ұзақ уақыт бойы дәрігерлік не мұғалімдік салада жұмыс істейтіндер 45 мың теңгеге күн көруге міндеттелген”, – деп салыстыра кетті ол.

Бауыржан Кореядағы қазақстандықтардың өзара тату екенін айтты. Олар жиі кездесіп те тұратын көрінеді.

Жақын арада ер азамат елге оралуды көздеп отыр. Оңтүстік Корея оның өмірін түбегейлі өзгерткендіктен, Бауыржанның елге оралып атқарар міндет-мақсаттары көбейген.

comments powered by HyperComments