
Танымал қазақ балеринасы Сәуле Рахмедоваалғаш рет 47 жасында ана атанды. Бұл құпиясын екі жыл бойы сақтап жүрген биші алғаш рет жеке өмірі туралы айтты деп хабарлайды time.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сәуле Рахмедова ұлы Мәжекенмен. Фото: “Время” газеті
Сәуленің айтуынша, ол жеке өмірін елге көрсетіп, барған-тұрғанын жарнамалағанды ұнатпайды. Жасы елуге келсе де сұлулығын сақтай алған Сәуле 47 жасында ана атанып, көптен күткен арманына қол жеткізгенін айтады.
Сәуле Рахмедова. Фото: “Время” газеті
Көптеген телевизиялық шоулардың қатысушысы болған Сәуле 47 жасында кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққанын айтады. Алғаш рет ана бақытын сезінген келіншек бүгінгі таңда сәбиін жанын сала тәрбиелеуде.
Айтуынша, ол енді тағы да сәбилі болуды армандап жүр.
comments powered by HyperComments