Халқына жолдау жасаған Белоруссия президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерін бір-біріне қолдау білдіруге шақырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tut.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лукашенко. Фото: EAdaily
Армениядағы жағдайға қатысты пікір білдірген Лукашенко бұған ЕАЭО елдерінің де кінәсі барын алға тартты. Ол одақтастар арасында ынтымақтастықты нығайту керектігін айтуда.
“Осылай бізді бір-бірлеп қырып салады не болмаса бұл одақтан шығарып тынады. Мәселелерді бірге шешудің орнына бір-бірімізге соққы жасауға кірісеміз”, – дейді Лукашенко.
comments powered by HyperComments