
Қазақстандықтарды мамыр айында 11 демалыс күні күтіп тұр деп хабарлайды NUR.KZ.
Демалыс. Көрнекі фото: mainecoonpics.ru
Сенбі (28 сәуір) жұмыс күні болып, 30 сәуір (дүйсенбі) Бірлік күнін тойлауға орай демалыс күні болмақ.
Осылайша, мереке күні қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 29-30 сәуір және 1 мамыр.
Сонымен қатар, сенбі бесінші мамырдың демалысы сейсенбі сегізінші мамырға ауысады. Жетінші мамыр Отан қорғаушылар күні тойланып, тоғызыншы мамыр Жеңіс күн аталып өтеді.
Нәтижесінде қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады – 6-9 мамыр.
Тұрғындарды мамыр айында барлығы 11 күн демалыс күтіп тұр.
Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?