“АрселорМиталл Теміртау” кәсіпорнында 44 жастағы ер адам қаза болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

“АрселорМиталл Теміртауда” 44 жастағы ер адам қаза болды. Фото: misis.ru
Қайғылы жағдай 9 сәуір күні таңертең үздіксіз құю бөлімінің цехында болған. Арнайы комиссия бұл жайтты тергеп-тексеруде.
“МНЛЗ-2 конвертерлік цехында оқыс жағдай салдарынан 1973 жылғы компания қызметкері қаза тапты. Кәсіпорын қызметкерлері қаза болған азаматтың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады”, – делінген компанияның баспасөз хабарламасында.