Домой Новости Алматыдағы сауда орнынан құрттап кеткен өнім сатып алған азамат шошып қалды (фото,...

Алматыдағы сауда орнынан құрттап кеткен өнім сатып алған азамат шошып қалды (фото, видео)

Алматы қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің жантүршігерлік жағдайға куә болғанын айтып берді. Ол қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінен қызыл бұршақ сатып алып, ішінде түрлі жәндіктер жүргенін байқаған.

Фото: NUR.KZ

Расказать ВконтактеРасказать в Facebook

Азамат күн сайын дерлік ішіне кіріп, тауар сатып алатын қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірінде осындай сұмдыққа тап болғанына таңғалады. Үйге келе сала, салат дайындайын деп, бұршақтың банкасын ашып қалса, оның қақпағы көпіріп, ішіндегі суының да түсі өзгеріп кеткен екен.

Фото: NUR.KZ

Айтуынша, өзі сауда орталығының қызметкерлеріне және тұтынушылар құқығын қорғау ұйымына хабарласып, болған істі түсіндіріп көрген. Алайда6 олар көңіл көншітерлік жауап айтпапты.

“Сауда орталығына хабарлассам, “кел, 169 теңгеңді қайтарып береміз” дейді, түк болмағандай. Ал тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы “Біз оларды тексере алмаймыз. Егер экспертизалық талдауды өз есебіңізден жасап, шешімін әкелсең, сонда барып тексереміз” дейді. Сонда халық тексеру жасатуға ақшасы болмаса, осылай уланып жата беруі керек пе?”, – деп ашынады оқырман.

Фото: NUR.KZ

Бір қызығы, тауардың сыртындағы мерзімі 2017 жылдан 2021 жылға дейін жарамды деп жазылыпты. Осыған орай, ашып кеткен тауар алып, аузы күйген азамат халыққа кез-келген затты жеуден бұрын, ішін байқап қарау керектігін ескертіп отыр.

comments powered by HyperComments