Домой Новости Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінде асфальттан су атқылады

Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінде асфальттан су атқылады

Алматыдағы 28 панфиловшылар паркіне жақын маңда құбыр жарылды деп хабарлайды NUR.KZ

Оқиға орнынан кадрлар. Видеодан скриншот

Оқиға орнынан кадрлар. Видеодан скриншот

Оқиға орнында түсірілген кадрлардан судың асфальттан үлкен екпінмен атқылап жатқанын байқауға болады. Ол бірнеше метр биіктікке дейін атқылауда.

Алматы әкімдігі құбырдың ескі жылу трассасы маңында гидравликалық тәжірибе жүргізу барысында жарылғанын мәлімдеді. Оқыс жағдай Қазыбек би көшесі мен Достық даңғылының қиылысында болған.

“Құбыр таңғы 6:30-да жарылды… Зардап шеккендер жоқ”, – дейді бапасөз қызметінде.

1990 жылы салынған құбыр 25 жыл бойы тұрған. Оның одан әрі жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін әдейі гидравликалық тәжірибе жүргізілгені алға тартылды.

comments powered by HyperComments