Алматыда «Домиллион» сауда орталығында өрт шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Домиллион. NUR.KZ
Сауда орталығына келуші 60 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның оны балалар.
Алатау ауданындағы сауда үйінің электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған. Нәтижесінде өрт шығып, құтқарушылар шақырылыпты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сегіз минутта жеткен.
Оқыс жағдай «Домиллионның» бірінші қабатында болған.
Айта кететіні, жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.