Домой Новости Алматыда Mercedes жүргізушісі аялдаманы қиратып тастады (фото)

Алматыда Mercedes жүргізушісі аялдаманы қиратып тастады (фото)

Алматыда тағы бір жол көлік оқиғасы орын алды. Mercedes жүргізушісі соқтығысып қалудан қашамын деп аялдаманы қиратып кеткен деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жеңіл автокөлік Cәтпаев және Масанчи көшелерінің қиылысында бұрылған кезде “Мерседесті” жібермеген.

Апатты болдырмас үшін жүргізуші рөлді бірден бұрып қалыпты. Алайда жаңбырдан кейінгі ылғал трассада көлік бағытынан жаңылған.

Соның салдарынан “Мерседес” аялдаманы жайпап кетіп, билбордқа соғылған.

Неміс көлігінің жүргізушісі зардап шекпеді.

comments powered by HyperComments