Жароков көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 28 сәуірінен 13 мамырға дейін аталған телімде көліктер қозғалысы тоқтатылады, – делінген Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гагарин даңғылында асфальтбетон жамылғысын салу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 27 сәуірі сағат 07.30-21.00 аралығында әл-Фараби даңғылы мен Березовский көшесінің, 28 сәуірде сағат 07.30-21.00 аралығында Березовский-Өтепов көшелерінің және 29 сәуірде сағат 07.30-21.00 аралығында Өтепов-Тимирязев көшелерінің аралығында көліктер қозғалысы тоқтатылады, – делінген хабарламада. Көлік қозғалысы уақытша Розыбакиев және Жароков көшелерімен ұйымдастырылады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-gagarin-men-jarokov-koshelernde-kolk-kozgalyisyi-288610/