Домой Новости Қай мемлекеттерде қалыңдық сатып алу дәстүрі бар?

Қай мемлекеттерде қалыңдық сатып алу дәстүрі бар?

Қазіргі таңда кез келген нәрсені сатып алуға болады. Кейбір мемлекеттерде тіпті қалыңдықтар саудасы кең қанат жайған. Қомақты қаражат үшін болашақ жарды таңдап беруге даяр мемлекеттер топтамасын NUR.KZ ұсынады.

Фото: bigpicture.ru

Өмірлік серігіңді сатып алу үшін миллиардер болудың қажеті жоқ. Тек қана аталған мемлекеттерде болсаңыз жеткілікті.

Филиппин мемлекеті

Фото: bigpicture.ru

Филиппин мемлекетінде жұмыссыздыққа шалдыққан қыздар тұрмысқа ақылы түрде шығуға мәжбүр болған. Олар болашақ күйеуімен міндетті түрде ұзақ жылдық келісімшартқа отырады. Оның соммасы әдетте ғарыштық көрсеткіштерге ие.

Фото: bigpicture.ru

Қазіргі таңда бұл дәстүр көп қолданылмай кетті. Бірақ та оны мүлдем жойылып кетті деуге де келмес.

Үндістан

Фото: bigpicture.ru

Үнді халқының 85%-ы салт-дәстүрлерді қатаң түрде сақтайтын адамдар болып табылады. Осыған орай бойжеткендердің болашақ жарын міндетті түрде отбасысы таңдап берген.

Фото: bigpicture.ru

Қыздың туыстары оны неғұрлым жоғары бағаға сатуға тырысады. Кім көп мөлшерде қалың мал берсе, сол күйеубала атағына ие болмақ.

Жапония

Фото: bigpicture.ru

Бұл мемлекетте әйелі мен балаларын асырау ерлер қауымының қалтасынан қатты тиеді. Жапондықтар қыруар қаржы шашпау үшін өз айла-тәсілдерін ойлап тапты. Олар қалыңдықтар агенттігін ашқан.

Фото: bigpicture.ru

Қалыңдықтар жүйесі бойынша, ер адам өзіне қалыңдықты бір апта жалға ала алады. Оны қыдыртып, қажеттісін сатып алып беру – басты шарт.

Қытай

Фото: bigpicture.ru

Қытай мемлекетінде алынып тасталған бір бала жүйесі ерлер қауымын артында ұрпақ ретінде ұл баланың болуын талап етуге мәжбүрледі. Сол себепті демография көрсеткіштеріне орай, 100 қызға шаққандағы ұлдар саны 120-ны құраған.

Фото: bigpicture.ru

Бұл жағдай қыздары барларды үлкен мөлшердегі қалың мал талап етуге мүмкіндік береді.

Пәкістан

Фото: bigpicture.ru

Бұл елдегі дәстүрлік ұстаным Үндістанға өте ұқсас болып келеді. Қыздардың қай отбасыға қалыңдық болатынын оның ата-анасы ғана шешеді.

Фото: bigpicture.ru

Пәкістандық кез келген ата-ана елдегі қаржы тапшылығына қарамастан, жоғары баға талап еткенді әдетке айналдырған.

Ауғанстан

Фото: bigpicture.ru

Ауғанстанда әйелдерге қатысты қарым-қатынас өте қатал. Оларды сату тіпті кішкентай кездерінен бастау алады.

Фото: bigpicture.ru

Бұл елде әйелдердің таңдау тұрмақ, сөйлеу құқығы да жоқ.

comments powered by HyperComments