Домой Новости 20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын жарты минутта нокаутқа түсірді (видео)

20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын жарты минутта нокаутқа түсірді (видео)

20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі қадамын сәтті дебютпен бастады деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

20 жастағы әлем чемпионы 31 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді

20 жастағы әлем чемпионы 31 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Жас боксшы өзінің қарсыласын 1 раундтың 31-інші секундында нокаутқа түсірген.

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшымен 26 жастағы мексикалық Тонии Баррерас жұдырықтасқан болатын.

Бұл жеңіс – 20 жастағы әлем чемпионының кәсіпқой бокстағы алғашқы жетістігі.

Ал мексикалық боксшы болса осымен екінші мәрте жеңіліп қалған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ахмедов жастар арасындағы 69 келі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионатында топ жарды.

comments powered by HyperComments