Домой Новости Танымал кәсіпкер Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанды

Танымал кәсіпкер Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанды

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы қаласы мәслихатының депутаты атанды. 25 наурыз күні өткен саулау барысында ол бес мыңнан астам дауыс жинаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Мәслихат депутаттарының сайлауы 25-ші наурыз күні болып өтті. Сайлау комиссиясының мәліметінше, Қайрат Құдайберген бес мыңнан аса дауысқа ие болып, өзге кандидаттардың барлығын артта қалдырған.

Айта кетейік, танымал кәсіпкерге «THS GROUP» атты құрылыс холдингі тиесілі. Оның үстіне ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі және қоғам қайраткері болып табылады.

comments powered by HyperComments