Бүгін Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, телевизия саласындағы жылдың үздіктері анықталды деп хабарлайды NUR.KZпорталы.
Тұмар телевизиялық бәйгесінде “Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы” номинациясын – “Хабар” арнасының “Ұлттық музыкалық жүлде” жобасы жеңіп алды.
Танымал продюсер Жан Мұқановты әріптестері желідегі парақшаларында жарыса құттықтап, жылы лебіздерін жазған.
Бұдан бөлек, “Үздік ойын-сауық жобасы” номинациясын – Ұлттық арнаның бастамасымен көрерменге жол тартқан “Мен Қазақпын” жобасы, “Үздік операторлық жұмыс” номинациясын – «Қазақ ТВ» телеарнасының «Наедине с природой» бағдарламасы, “Жылдың үздік тележүргізушісі” номинациясын – Дана Нұржігіт, “Жылдың үздік тележурналисі” номинациясын – “Еуразия бірінші арнасынан” Асхат Ниязов жеңіп алды.