Домой Новости Петропавлда өткен айтыстан Ринат Зайытов автокөлік ұтып алды

Петропавлда өткен айтыстан Ринат Зайытов автокөлік ұтып алды

Петропавлда өткен ақындар айтысында бас жүлдені иемденген Ринат Зайытов автокөлік ұтып алды деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петропавлда өткен айтыстан Ринат Зайытов автокөлік ұтып алды. Фото: Азаттық

«Сал-серілердің серкесі» атты республикалық ақындар айтысы композитор Сегіз сері Шақшақовтың 200 жылдығына арналған екен. Шараны әдеттегідей Жүрсін Ерман басқарды.

Бас жүлдені иемденген Ринат Зайытов «Renault Duster» автокөлігін иемденді. Бірінші орын Мақсат Ақановқа бұйырып, ол бір миллион теңгеге ие болды. Екінші орынды бөліскен Жансая Мусина мен Жарқын Жұпарханға 500 мың теңгеден табысталды. Үшінші орын алған үш ақынға 300 мың теңгеден сыйақы берілді.

Айта кетейік, айтысқа еліміздің әр өңірінен 16 ақын қатысқан.

comments powered by HyperComments