Павлодарда “Весна” бағбаншылығының аумағында ер және әйел адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz- ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда 17 жастағы бозбала жұбайларды өлтірді деген күдікпен ұсталды
Бұл туралы қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @vpavlodare қауымдастығында жазды.
Агенттіктің жолдаған ресми хатына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда полиция адам өліміне қатысты істі тергеу жүргізіп жатқанын жазған.
Криминалдық полицияның қызметкері 17 жастағы күдіктіні ұстады.
comments powered by HyperComments“2018 жылы 16-наурыз күні “Весна” бағбаншылығында 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел адамның денелері зорлық белгілермен табылған. Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті тұтқындалған”, – деді департаментте.