Домой Новости Отты нүкте: Сирияда 67 атыраулық бала соғыс даласында жүр

Отты нүкте: Сирияда 67 атыраулық бала соғыс даласында жүр

Бүгінде Сирияға кеткен атыраулықтардың саны азаймай тұр. Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев 67 баланың соғыс даласында жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды «Атырау» газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сирияда

Сирияда

Спикердің айтуынша, «отты нүктеге» аттанғандардың дені әйелдер екен.

«Олардың ішінде отбасымен бірге қоныс аударғандардың саны – 14. Қазіргі таңда бір ғана Атырау облысы бойынша 67 бала соғыс даласында жүр», – деді Қайролла Қошқалиев.

Аталған 67 жеткіншектің екеуі 18 жасқа толған, 34 бала мектеп жасында, қалғандары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер екені белгілі болды.

Қазіргі таңда олардың тағдыры белгісіз күйінде қалып отыр.

comments powered by HyperComments