Ақжайық ауданының Богатск кентіне жақын маңда екі көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмып, тоғызы зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Орал-Атырау тас жолында апат: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланды
Жол апаты кеше күндіз сағат 16:30 шамасында Орал-Атырау тас жолында болды. Куәгерлердің айтуынша, “Нексия” мен “ВАЗ-21099” көліктері соқтығысқан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғали жол апатынан 9 адам зардап шеккенін, бір әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмғанын мәлімдеді.
“47 жастағы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуі Ақжайық аудандық ауруханасына жүгінді”, — деді Беркінғали.
Айта кетсек, кеше шұғыл қызмет ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жариялаған болатын. Көктайғаққа байланысты барлық бағыт бойынша тас жолдар жабылды.
comments powered by HyperComments