Домой Новости Нива көлігін жалғыз өзі сүйреген ақтөбелік төрт балалы ана жұртты таңғалдырды (видео)

Нива көлігін жалғыз өзі сүйреген ақтөбелік төрт балалы ана жұртты таңғалдырды (видео)

Ақтөбе облысында Наурыз мерекесінде Нива көлігін жалғыз өзі сүйреген қазақ келіншек елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіне жүктелген видеодан оның жалғыз өзі Нива көлігін сүйреп, еш қиналмастан межелі жерге дейін жеткізгенін көруге болады.

“ҚазАқпарат” тілшісінің хабарлауынша аталған видеодағы мықты келіншек Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны болып шыққан. Балабақшада тәрбиеші қызметін атқарға келіншек бір өзі етігінің биік өкшелі болғанына қарамастан, ерен ерлік көрсеткен.

comments powered by HyperComments