Домой Новости Махаббат бекеті – 2: Айсәуле Бақытбек жаңа фильмде басты кейіпкер атануы мүмкін

Махаббат бекеті – 2: Айсәуле Бақытбек жаңа фильмде басты кейіпкер атануы мүмкін

Жақында ғана Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіретінін айтқан болатын. Аталмыш кинокартинада басты рөлді Айсәуле Бақытбек ойнауы мүмкін деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Расказать Вконтакте
Расказать в Facebook
Баян Мақсатқызы «Махаббат бекетінің» 25 жылдан кейінгі жалғасын түсіруді қолға алған еді. Қазір продюсер актерлер құрамын реттеуде.

«Менің ойымша, Айсәулеге кастингке қатысуға мүмкіндік беруге болады. Бірақ, қызымды бұл рөлге алсам, тамыр-таныстыққа жол бергендей боламын. Сондықтан кәсіби актрисаға мүмкіндік берген дұрыс сияқты», – деп қысқа қайырды Мақсатқызы.
Баян Алакөзова осыдан біраз уақыт бұрын «Орал мен Гүлназ соңында бәрібір қосыла ма, әлде жоқ па? Бір жағынан Гүлназдың қызы Алманың, есейіп қалғанын да естен шығармауымыз керек. Ал Оралдың өз отбасы ше? Балалары бар ма? Бұл да көрерменге қызық. Сондықтан сюжеттің ерекше боларына сенеміз», – деп айтқан болатын.

Источник: NUR.KZ

comments powered by HyperComments