Домой Новости Лениннің басын доп қылып ойнаған үнділіктер әлем назарын аударды (видео)

Лениннің басын доп қылып ойнаған үнділіктер әлем назарын аударды (видео)

Трипура үнді штатында «Бхаратия джаната парти» атты ұлттық партия жақтаушылары Белония қаласындағы Владимир Ленин ескерткішін бұзып тастады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Куәгерлердің айтуынша, экскаватор көмегімен ескерткішті жерге құлатқан соң, одан басы ажырап кеткен көрінеді. Үнді партия жақтаушылары құлап кеткен ескерткіш басымен футбол ойнауға кіріскен.

Үнді Коммунистік партиясының өкілі өз кезегінде, ұлттық партия мүшелерінің бұл әрекетін коммунсттік фобия деп санайтынын айтып, билік өкілдерін болып жатқан оқиғаларға уақытылы әсер етуге шақырды.

View image on TwitterView image on TwitterView image on Twitter
Kavita Krishnan

@kavita_krishnan

You can topple Lenin’s statue. But can you wipe out #Lenin from the hearts & minds of Shaheed-e-Azam Bhagat Singh & his comrades? #Lenin #Marx #communism inspired our revolutionary freedom fighters. RSS – which mocked those martyrs – can’t erase that legacy!

Twitter Ads info and privacy

Коммунистік партия жақтаушылары болса әлеуметтік желілерге коммунизмге қолдау жазбаларын жарысып қалдырып жатыр. Олардың айтуынша, Ленин ескерткішін бұзғаныолар ұлы тұлғаны жүректен алып тастауға қауқарлары жоқ.

Ескерткішті бұзу Үнді шататында өткен сайлауға толық қатысы бар. Сайлау нәтижесіне байланысты «Бхаратия джаната парти» Коммунистік партиядан дауыс есебінен асып түскен. Айта кетейік, Коммунистік партия Трипура шататында 25 жыл бойы билік басында болған.

The Indian Express

@IndianExpress

In South Tripura’s Belonia, a statue of Lenin razed amid chants of ‘Bharat Mata Ki Jai’. This, less than 48 hours after the BJP stormed to power ending a 25-year-long Left rule.

More here: http://indianexpress.com/section/north-east-india/ 

Twitter Ads info and privacy
comments powered by HyperComments