Әлемге әйгілі британдық физик-теоритик Стивен Хокинг 76 жасқа келіп өмірден озды деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: НТВ
Ғалымның дүние салғанын оның туыстары да растады.
Британдық физик Кембридждегі өз үйінде қайтыс болған.
“Біз әкеміздің қазасына қатты қайғырып отырмыз. Ол – еңбектері әлі қаншама жыл өлмейтін атақты ғалым, әрі өте ерекше жан еді”, – делінген балалары Люси, Роберт және Тимнің хабарламасында.