Домой Новости «Қазавтожолдың» бұрынғы директоры үш жылға сотталып кетті

«Қазавтожолдың» бұрынғы директоры үш жылға сотталып кетті

«Қазавтожолдың» бұрынғы директоры әрі экс-депутат Серікжан Мұқашев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзі басқаратын мекем деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: time.kz

Серікжан Мұқашев 2016 жылдың желтоқсан айында тексерушілерге пара беріп ұсталған болатын. Есеп комитетінің қос аудиторы серіктестіктің жұмысынан кінәрат тауып, мемлекетке екі миллиард теңге қайтару керек деген қорытынды шығарған.

Алайда аудитордың ыңғайын тапқан Мұқашев мекеменің аймақтардағы филиал директорларынан ақша жинап, екі есепшіге 16 миллион теңге пара беріпті. Сөйтіп, республикалық жолдарды қыста қардан тазартып, жазда жөндеу жұмыстарын жүргізуге деп бюджеттен бөлінген қыруар қаржыны талан-таражға салғанын жасырып қалмақ болған.

Мұқашевтен бөлек, оның орынбасары мен тағы үш қызметкері екі және бес жылдан жаза арқалады.

Айта кету керек, Серікжан Мұқашев бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Мәжіліс депутаты болған. Экс-депутат «Эйр Астана» компаниясының ұшағында стюардессаны балағаттағаны үшін Мәжілістен кеткен болатын.

comments powered by HyperComments