Қазақстан тарихта алғаш рет Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sports.kz
Классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысында сынға түскен Александр Колядин мәре сызығын бірінші болып кесіп, еліміздің қоржынына алтын медальді салған.
Екінші болып мәре сызығына жапониялық Йошихиро Нитта жетсе, үшінші орын – канадалық Марк Арендс пен финляндиялық Иикк Туомистоға бұйырған.