Домой Новости Қарағандыда шұжық ішінен сым тапқан әйел 10 млн теңге талап еткен

Қарағандыда шұжық ішінен сым тапқан әйел 10 млн теңге талап еткен

Қарағанды тұрғыны осыған дейін үнемі алып келген шұжық түріне енді қайтып жақындамайтын болды. Ол өнімнің ішінен сым темір мен ине тауып алыпты деп хабарлайды  NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Зарина осыдан үш күн бұрын шұжықтың ішінен сым темір мен ине тауып алған. Дүкенге қайта барғанында одан кешірім сұрап, шығарып салған. Өнім өндірушінің байланыс нөмірлерін бермепті.

Осыдан кейін шұжық цехынан хабарласып, темір шыққан шұжықтың орнына басқа шұжық берейік деп айтыпты.

Зарина одан үзілді-кесілді бас тартып, кішкентай баласына беріп жүрген тағамдағы адамшошырлық заттарды байқамағанда не болар еді деп дабыл қағуда.

Ал өнім өндірушілер өз кезегінде шұжыққа екі басын бекітетін алюминді қыспалардың адамға еш зияны тимейтінін айтады.

“Әйел біздің өтемақымыздан бас тартып, 10 миллион теңге беруімізді талап етіп отыр. Бұл таза ақша бопсалау деп ойлаймыз”, – дейді шұжық цехының өкілдері.

Заңгерлер сатып алушының моралдық нұқсан үшін ақша талап етуге құқылы екенін айтып, олардың үстінен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына шағым жазуға кеңес берді.

comments powered by HyperComments