Домой Новости Америкалықтар “Наурыз” әнін шырқап елді сүйсінтті (видео)

Америкалықтар “Наурыз” әнін шырқап елді сүйсінтті (видео)

Белгілі әнші Айдос Сағатпен қосыла “Наурыз” әнін шырқаған америкалықтар желі қолдаунышалырының сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайлды NUR.KZ.

“Наурыз” әніне түсірілген бейнебаянды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Facebook парақшасында жариялаған. Онда америкалық “Humming House” тобы қазақша әнді түрлі аспаптармен сүйемелдеп, тіпті әншімен бірге шырқап тұрғанын байқауға болады.

Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі жағымды пікірлер қалдырып, барша жұртты мерекемен құттықтаған.

Zhaksylyk Kudaibergen: “Көрсетілген құрметіңізге рақым айтамын. Наурыз құтты болып, еліміз арасында қарым-қатынас нығайы бергей”

Джаныбек Сартаев: “Өзге ұлтты сыйлаған халықтың өзі де сыйлы болады! Мерекелеріңізбен! Бейбітшілік мен бақыт орнасын”

Альбина Касенова: “Керемет! Біздің дәстүрімізді дәріптеп жүрген елшілікке алғысымыз шексіз! Наурыз құтты болсын”, – деп жазған.

comments powered by HyperComments