Алматы қаласындағы Бостандық ауданында жатақхана өртке оранды деп хабарлайды NUR.KZ.
Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова өрт туралы түнгі сағат 23:16-те хабарлады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттан соң жеткен.
Анықталғандай, 3-қабаттағы жатақхана бөлмесі өртенген. Жатақханадан жедел түрде 230 адам көшірілді.
Өрт 18 т.м. жерді шарпыған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенше тілсіз жау ауыздықталған.