Домой Новости Алматыда Mercedes көлігі автобусқа соғылып, сегіз адам ауруханаға түсті (фото)

Алматыда Mercedes көлігі автобусқа соғылып, сегіз адам ауруханаға түсті (фото)

Абай даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып қалды.

Алматыда автобусбен соғылған Mercedes-тің күл-талқаны шықты (фото)

Sputnik Қазақстанға оқиға куәгерлері айтқандай, №38 автобус Саин көшесімен солтүстік бағытта бағдаршамның жасыл жарығына кетіп бара жатқан.

Сол кезде Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes қызыл жарықты ескермей, автобустың алдынан шыға келеді.

Алматыда автобусбен соғылған Mercedes-тің күл-талқаны шықты (фото)

Автобус жүргізушісі тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен Mercedes көлігіне соғылған. Қатты соққыдан ығысқан көлік жарнама ілінген бағананы қағып кетті.

Алматыда автобусбен соғылған Mercedes-тің күл-талқаны шықты (фото)

Жол апаты салдарынан, бастапқы дерек бойынша, сегіз адам зардап шегіпті. Жеңіл көлік жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға түскен, автобустың жеті жолаушысы да дәрігерлер бақылауында.

Алматыда автобусбен соғылған Mercedes-тің күл-талқаны шықты (фото)

Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.
comments powered by HyperComments