
Алматыда 13 жастағы Катя Мельник жоғалып кетті. Анасының айтуынша, жасөспірімді соңғы рет Сәтпаев пен Гагарин көшелерінің қиылысында көрген деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: Fscebook / Юлия Мельник
Катяның анасы Юлия Мельник қызының ұзын, қара сырт киім мен қанық көк түсті шалбар, ақ жейде кигенін айтуда. Аяғында көк етік болыпты. Катяның бойы – 165 сантиметр.
Жоғалған қыздың анасы ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
+7 777 242 79 43 (Юлия Мельник) және 254 47 02 (Бостандық ауданының ІІБ)
Алматы қалалық ІІД жасөспірімнің жоғалғанын растап, қазір оны табу үшін барлық күш жұмылдырылғанын атап өтті.