Қарағандыда «Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының» төрағасы ұсталды. Іздеуде болған кәсіпкер бірталай алматылықтарды алдап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: time.kz
Алматы қаласы ІІД-нің мәлімдеуінше, алматылық тұрғындар тарапынан Талғат Акуовтың атына көптеген арыз-шағымдар келіп түскен. Сол себепті “Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының” төрағасына іздеу салынды.
Сот Талғат Акуовқа сырттай қамауға алу үкімі шығарды.
Нәтижесінде Қарағандыда ұсталған төрағаны Алматы қаласына мән-жайды біліп тексеру үшін алып келді.
comments powered by HyperComments«Оған қоса, Алматы полициясы Акуовтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды ІІД-нің тергеу басқармасына келіп, өз шағымдарын түсіруге болады. Не болмаса келесі байланыс нөмірлер арқылы хабарлауға мүмкіндік бар: 254-41-15 и 8-705-555-53-44», – деп хабарлады ІІД.