Домой Новости 25 мың теңгелік қызғалдақ гүлі алматылық тұрғындарды шошытты (фото)

25 мың теңгелік қызғалдақ гүлі алматылық тұрғындарды шошытты (фото)

Алматы тұрғындарын қаладағы сауда орталықтарының бірінде 8 наурыз мерексі қарсаңында саудаланып жатқан гүлдер бағасы қатты таңғалдырған. Онда бір шоқ қызғалдақ – 25 мың теңге тұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

25 мың теңге тұратын қызғалдақ алматалық тұрғындарды шошытты (фото)

Қызғалдақтан бөлек, мұнда гүл бумасына раушан, анемон, көкнәр гүлдері де қосылады. кішкентай ғана букеттер бағасы 22 мың теңгеден басталады екен.

Мәселен, қызыл қызғалдақ мен көкнәр қосылған бума – 25 мың, раушан мен анемон қосылса тіпті – 34 500 теңге болады.

25 мың теңге тұратын қызғалдақ алматалық тұрғындарды шошытты (фото)

Дүкен иелерінің айтуынша, олар тек қымбат гүлдер алып келеді екен. Мәселен бір раушан гүлі – 1000 теңге, қызғалдақ – 1200 теңіге, ал көкнәр – 3000 теңге тұрады.

Олар ең әдемі гүлдерді Голландиядан тікелей жеткіземіз деп отыр.

25 мың теңге тұратын қызғалдақ алматалық тұрғындарды шошытты (фото)

Алматыдағы қызғалдақтың орташа бағасы 300-500 теңгеден аспайтынын ескерсек, кез-келген адамда “бұл неге соншама қымбат?” деген сұрақ туындайды.

25 мың теңге тұратын қызғалдақ алматалық тұрғындарды шошытты (фото)

Сонымен, 22 мың теңгелік букетте 15 қызғалдақ, ал 25 мың теңгелікте 11 қызғалдақ пен 3 көкнәр болады екен.

comments powered by HyperComments