Домой Новости Жанболат пен Жазира белгілі сазгерге темір тұлпар сыйлады

Жанболат пен Жазира белгілі сазгерге темір тұлпар сыйлады

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира сазгер, композитор Ербол Байырбековке темір тұлпар сыйға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанболат пен Жазира. Фото: NUR.KZ

Бұл жайында әншілер ешқандай ақпарат бермеді. Алайда Жазираның әпкесі Ләззат Байырбекова өзінің Instagram парақшасына жазып қойды.

«Сазгер ағам Ерболдың шығармашылық кешіне өздері қатыса алмаса да, өз тараптарынан Жанболат пен Жазира су жаңа көлік тастап кетіпті. Алла разы болсын! Ерболдың темір тұлпары құтты болсын! Игілігіне мінсін!», – деп жазды Байырбекова.

Ал сазгердің өзі парақшасында «Өнердің жолында алғашқы алған жорғам. Жанболат пен Жазираның тартуы. Алла разы болсын!» – деп жазып қойды.

Айта кетейік, Ербол Байырбеков «Сүйгеніңді бағала», «Арманым менің», «Адамдар, кешіріңдер», «Қыз бақыты», «Сен маған сүюді үйреттің», «Мәңгілік сыңарым», «Сүйдім сені» және т.б. көптеген әндердің авторы.

comments powered by HyperComments