Домой Новости Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Алматы облысында ұшты-күйлі жоғалып кеткен 23 жастағы Иман-Зуппар Темірхан белгісіз себептермен Ақтөбеден табылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі Қоғамдық қауіпсіздің кеңесі белсенділер тобы хабарлады.

Жұмбақ күйінде жоғалып кеткен алматылық жігіт Ақтөбеден табылды

Әзірге Иман-Зуппарды ақтөбелік таксист танып, туыстарына хабарлағаны ғана белгілі. Оны ұрып, соққыға жыққан деген де ақпарат бар.

Ренат Ахметқалиевтің айтуынша, Иман-Зуппарды 6 күн бойы іздеген. Ал оның жоғалғаны туралы ақпарат 3110 рет бөліскен.

Белсендінің айтуынша, бүгінде Facebook желісінің қазақстандық сегменті өзінің күшке ие екендігін дәлелдеген. Мыңдаған адамның жас жігіттің тағдырына бей-жай қарамауы осының дәлелі, дейді ол.

Зергер жігіттің Алматы жоғала отырыпы, Ақтөбеге қалай барғаны белгісіз. Оның үстінде сырт киімі болмаған. Сонымен бірге табылған кезде ол анасының нөмірін де әзер дегенде есіне түсірген.

Қазіргі бұл мәселемен таңда құқық қорғау органдары айналысуда.

Еске салсақ, Иман-Зуппар Темірханның жоғалып кеткені туралы 8 ақпан күні оның туыстары айтқан болатын.

comments powered by HyperComments