Әлемдегі ең танымал отбасы, түрік әртістері – Бурак Өзчивит пен Фахрие Эвджен алғаш рет ата-ана атанбақшы. Алайда әртістер мұны елден жасырғысы келіп жүр деп хабарлайды 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:haberturk.com
Түрік басылымдары Фахриенің жүктілігін болжайтындай себеп жетерлік. Мәселен актриса жаңа маусымда ешқандай жобаға қатыспай, түрлі ұсыныстардан бас тартып жатыр.
Сондай-ақ, актрисаны көрген жанкүйерлері оның көзге көрінерліктей салмақ қосқанын да байқапты.
Ал Фахрие болса бұл ақпаратты жоққа шығарып әлек.
“Жоқ, мен жүкті емеспін. Алла қаласа, керемет бір күнде ана атанармын”, – деп, тақырыпты жылы жауып қойды актриса.
Оған қоса жұлдызды жұп 14 ақпанды мерекt ретінде тойламайтынын да жеткізді. Себебі олар үшін әр күн ғашықтар күні болып саналады екен.
comments powered by HyperComments