Домой Новости Өзгеріссіз қалады: Министрлік ҰБТ болмай қалуы мүмкін деген қауесетке жауап берді

Өзгеріссіз қалады: Министрлік ҰБТ болмай қалуы мүмкін деген қауесетке жауап берді

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі ҰБТ болмай қалуы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NU.KZ.

Фото: 24.kz

Кей ақпарат көздеріндегі шатастырулар ұлттық бірыңғай тестілеу туралы сертификат талап етілмейтін колледждерге қабылдау туралы жарлықтан туындаған.

“Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ сақталады. ҰБТ-ның алынып тасталуы мүмкін деген хабардың еш негізі жоқ”, – деген министрліктің мәлімдемесін Қазақпарат хабарлады.

Бұдан бөлек, Білім және ғылым министрлігі орта білім беру мекемелірндегі қаржыландыру мәселесі бойынша да түсінідіріп өтті.

Жекеменшік мектептердің өзіндік қаржы талаптары бойынша құқығынан айырылмайды. Яғни мемлекет ол жерде балалардың тегін білім алатынына кепілдік бермейді. Үкіметтегілер 2018 жылы нарықта тегін орындардың пайда болатынын күмәнмен қарауда.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері ғылыми гранттар туралы “грант ұтып алғысы келетін ғалымдар ұлттық ғылыми кеңес мүшелігінде болмауы тиіс” деген мәлімдемен де жоққа шығарды.

Шын мәнінде, қатысушылар тек өздері ұсынған жоба бойынша дауыс беру кезінде ғана комиссия бөлмесінде отыруына болмайды екен.

comments powered by HyperComments