Домой Новости Қысқы Олимпиада: Денис Тен мұз айдынында өнер көрсетті

Қысқы Олимпиада: Денис Тен мұз айдынында өнер көрсетті

Қазақстандық Денис Тен жалғыз өзі мәнерлеп сырғанау бойынша Пхенчханда қысқа бағдарламаны орындап шықты деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Prosports.kz

Сайыста әр елден барлығы 30 спортшы бақ сынады. Қазақстан спортшысы төртінші нөмірмен мұз алаңына шықты.

Жарыс нәтижесі бойынша, Тен соншалық жақсы баға ала алмады. Ол 70.12 (30.77 +39.35) балл жинап, алдыңғы қатарлы спортшылардан айтарлықтай артта қалды.

Енді ертең болатын ерікті бағдарлама бойынша сайыста Денис барынша жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, ең үздік 24 спортшының қатарына енуі тиіс.

comments powered by HyperComments