Домой Новости Той көйлегіне сыю үшін арықтамақ болған қалыңдық бедеу болып қалды

Той көйлегіне сыю үшін арықтамақ болған қалыңдық бедеу болып қалды

Жаңа Зеландияда бойжеткен қалыңдық диетасын ұстану салдарынан бірнеше жылға бедеу болып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Той көйлегіне сыю үшін арықтамақ болған қалыңдық бедеу болып қалды. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Той көйлегіне сыю үшін арықтамақ болған қалыңдық бедеу болып қалды. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды

Той саласында жүрген блогер Меган Хадчизон тойында әдемі көйлекке сыямын деп диетаға отырғанын баяндады. Салдарынан «аменорея» дертіне, яғни етеккірдің келмеуіне шалдыққан ару бедеу болып қалғанын айтып, дабыл қақты.

Некелесу рәсіміне дейін диетаға отырған Меган содан кейін үш жыл бойы бала көтере алмай, қиналыпты.

«Мен тек дене сымбатына ғана көңіл бөліп қарағанымның салдарынан, бала сүйу бақытынан айрылдым», – дейді блогер.

Үш жылда он келі салмақты қайта қосқан ару бала көтергеннен кейін бұл жайтты жалпақ жұртқа айтып беруді жөн санапты.

comments powered by HyperComments