Домой Новости Танымал телеарнаның эфирінде жаппай төбелес орын алды (видео)

Танымал телеарнаның эфирінде жаппай төбелес орын алды (видео)

Танымал ресейлік НТВ телеарнасында саяси ахуалды талқыға салған қатысушылар өзара төбелесіп, жаппай жанжал орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ресейлік БАҚ жарыса жазып, аталған оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.

НТВ телеарнасының “Место встречи” бағдарламасы кезінде Донбасстағы саяси жағдай туралы сөз қозғалып, өзара дау орын алған. Украиналық саясаткер Дмитрий Суворов пікірталас кезінде дауыс көтеріп, тіл тигізе бастаған.

Бағдарлама жүргізушісі Андрей Норкин саясаткерге жақындап, иығынан ұстай бергенде, Суворов ашуға булығып, жұдырығын ала жөнелген.

Бұл жайттың соңы төбелеске айналып, студияға келген басқа жұртта араласып кеткен.

comments powered by HyperComments