Домой Новости Танымал депутаттың күйеу баласы әйгілі Мессимен жарнамаға түсетінін айтып мақтанды (видео)

Танымал депутаттың күйеу баласы әйгілі Мессимен жарнамаға түсетінін айтып мақтанды (видео)

Бейбіт Әлібеков “Барселона” футбол клубының ойыншысы, танымал футболшы Мессимен бірге жарнамаға түсетін болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бейбіт Әлібеков, Месси. Фото: NUR.KZ

Елімізге белгілі журналистердің бірі Бейбіт бұл мүмкіндікті конкурсқа қатысу арқылы жеңіп алған. “Достар, мені қолдағандарыңызға рақмет! Мен өте қуаныштымын! Мен қазір Мәскеудемін. Көңіл-күйім керемет!”, – деп қуанышымен бөлісті Әлібеков Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Бейбіт Әлібеков пен Леонель Месси “SIRIN LABS” компаниясының жарнамалық суреттері мен видеороликтерін бірге түсіреді.

Компанияның жарнамасына бұрын Месси, Ирина Шейк сынды әлемдік жұлдыздар түссе, енді бұл қатарды қазақстандық Бейбіт Әлібеков толықтыратын болады.

comments powered by HyperComments