Домой Новости Танымал қазақ жазушысы кезінде жылатып кеткен қыздарын есіне алды

Танымал қазақ жазушысы кезінде жылатып кеткен қыздарын есіне алды

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков Qamshy порталына берген сұхбатында бүгінгі қазақ әдебиетінің хал-ахуалына баға беріп, жастық шағын еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал қазақ жазушысы кезінде жылатып кеткен қыздарын есіне алды

Танымал қазақ жазушысы кезінде жылатып кеткен қыздарын есіне алды

– «Қарғын» романын әркім әртүрлі қабылдайды. Ал автордың шешіміне көңіліңіз тола ма?

– Автордың шешімі айтылды. Романды жерге түсірмей аяқтадым. Жерге түсірсем, үйреншікті тіршілік басталып кететін еді. Екеуі үйленді делік. Не өзгереді? Махаббат үшін үйлену басты мақсат емес. Бір-бірін жақсы көретін адамдардың, тіпті, қосылмағаны жақсы.

«Адам өмірден бір адамды жақсы көріп өту керек» деген ұстанымды ұстандым. Махаббатты некенің куәлігіне айналдыру – кейіпкер үшін қорлық болды. Саясат деген бір басқа, цензура деген де бөлек. Ал адамның ішіндегі тұсауды жеңу қиын. Өзі бір жанды сүйеді, бірақ өзінің үйінде әйелі мен екі баласы отыр. Жақындарына, тіпті, тағдырға қарсы шығу – оңай, ал романда ондай қадамға бармау – адамгершілік.

Өзі көңілі қалаған адамымен бірге болмауының астарында адамгершілік деген қасиет жатыр. Өз отбасын неге тастап кетуі керек? Сонда адамның сезімі үлкен құрбандықты талап ете ме? Ал екі кейіпкер қосыла қойса, еш қызығы болмайтын еді. Кейіпкердің образы да дұрыс ашылмайтын еді. Жасын – өмірге ашулы адам. Болмысы ба, бітімі де тым бөлек. Ол адамгершіліктен аттамады.

– Ал өзіңізде некемен өлшенбейтін махаббат болды ма?

– Болды ғой, неге болмасын?! Мен әдебиетке ерте араластым. Университетте оқып жүргенде кітабы шыққан жігітті кім жақсы көрмейді? Ақшам да бар. Мен киноға да ерте араластым. Сол кезде талай оқиғалар болды.

– Жиі ғашық болдыңыз ғой демек?

– Ғашық болуын болдым. Ішінде ерекшелері де болды.

– Сол ерекше қыздар есіңізде ме?

– Ойымнан әлі де болса шықпайтын екі қыз бар. Обал жасадым деп ойлап жүремін. Әйеліме үйленетін кезде кенеттен еш ескертпестен өзгеге ауып кете салдым ол қыздан. Бұйрық деген сол шығар…

Мен бесінші, ол төртінші курста. Ол қыз Француз кафедрасында оқушы еді. Қатты жылағаны әлі көз алдымда. Үйде суреті бар. Аман болса, бір жолығып, аяғына жығылып, кешірім сұрасам деймін. Сенің обалыңа қалдым, менен қателік кетті деп айтқым келді. Екіншісі Алматыда. Кино саласында жүр қазір. Ара-тұра кездесіп қаламыз.

comments powered by HyperComments