Домой Новости Тәжікстан президенті өз есімімен аталатын сыйлық тағайындады

Тәжікстан президенті өз есімімен аталатын сыйлық тағайындады

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Ұлт көшбасшысы – Эмомали Рахмон» деп аталатын мемлекеттік сыйлық тағайындады. Сыйлық демократияның дамуына ерекше үлес қосқан Тәжікстан азаматтарына және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға беріледі деп жазады Азаттық радиосы.

Тәжікстан президенті

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон

Сыйлық «Ұлт көшбасшысы – бейбітшілік пен келісім негізін салушы туралы» заңның негізінде тағайындалған. Бұл заң бойынша, аталған сыйлықпен қатар «Ұлт көшбасшысы» орденін белгілеуге, ұлт көшбасшысының мұражайын, кітапханасы мен мұрағатын құруға мүмкіндік бар.

Сыйлық иегеріне төсбелгі мен 125 мың сомони (14 мың доллардан астам) көлемінде ақшалай жүлде беріледі. Төсбелгіде Эмомали Рахмонның алтын жалатылған бедерлі бейнесі салынады.

Тәжікстанды ширек ғасыр бойы басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонға 2015 жылы парламент ұлт көшбасшысы деген мәртебе берген.

2016 жылы Тәжікстанда конституцияға Рахмонға президент сайлауына тағы да түсуіне ерекше құқық беретін түзетулер енгізілген.

comments powered by HyperComments