Домой Новости Құтқарушы Нығмет: Өзге үшін өмірін өлімге қиған жігітті ауылдастары марапатқа ұсынды

Құтқарушы Нығмет: Өзге үшін өмірін өлімге қиған жігітті ауылдастары марапатқа ұсынды

ОҚО-да отыз жастағы азамат өзінің өмірін өлімге қиып, жас қызды ажалдан аман сақтап қалған боалтын. Ақсукент тұрғындары үш баланың әкесі Нығмет Махмудовтың сол күнгі әрекетін ерлікке балайды деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Құтқарушы Нығмет

Құтқарушы Нығмет

Құлағына құлаққап киіп, жақындап қалған пойызды аңғармаған екінші қызды құтқарамын деген сәтте, шойын жолдағы алып күштің қатты соққысы оны да ұшырып жіберген.

Жүйіткіп келе жатқан пойыздан екі қызды құтқарамын деп өзі қайтыс болған азаматты бүкіл ауыл «Нығмет МЧС» деп таниды.

«Жергілікті құтқарушы» атанып кеткен Нығмет жақындап қалған пойыздан студенттердің біреуін итеріп аман алып қалғанымен, екінші қызды құтқарып үлгермепті.

Қайғылы оқиға болатын күні баспанасының техникалық құжатын тіркетуге апарамын деп сыртқа шығып кеткен Нығмет отбасына қайта оралмаған.

“Бір қызы мен екі ұлын ерекше жақсы көріп, отбасына қамқор әке бола білген отағасының арманы көп еді”, – дейді марқұмның әйелі.

Құтқарушы Нығмет: Өзге үшін өмірін өлімге қиған азаматты ауылдастары марапатқа ұсынды

Құтқарушы Нығмет: Өзге үшін өмірін өлімге қиған азаматты ауылдастары марапатқа ұсынды

Ал оқиға Ақсукенттің темір жол өткелі тұсында болған. Бір жол түзу жатқанымен, екінші бұрылыс та анық байқалады екен. Оқиғаны көріп-білгендер қыздардың құлағында құлаққаптың болғанын айтады. Сондықтан болар, пойыздың қатты даусын естімесе керек деп жобалайды.

Нығмет құтқара алмаған қыз – Сайрамның Қарабұлақ ауылынан. Ол да оқиға орнында көз жұмған. Ал батырлыққа барған азаматтың көмегімен өмірі арашаланған қыздың қайда екені белгісіз.

“Қайтыс болған қыздың денесі мәйітханаға, ал ауыр халдегі ер азамат жансақтау бөліміне жеткізілді, басқасын көрмедік”, – дейді аурухана қызметкерлері.

Нығметке екі күнде екі мәрте ота жасалыпты. Алайда одан арғыға жүрек соғуы тоқтаған.

Өзгенің өмірі үшін көмекке ұмтылып, мерт болған жанға мемлекеттік деңгейде марапатқа ұсыну мүмкіндігін айтқан төтенше қызмет мамандары оқиғаны көрген-білгендер тарапынан жазбаша құжат тапсырылуы қажет екенін жеткізді.

comments powered by HyperComments