Домой Новости Шымкентте ойнап жүрген балалар адамның мәйітін тауып алды

Шымкентте ойнап жүрген балалар адамның мәйітін тауып алды

Шымкентте гараждардың арасынан адамның денесі табылды. Көп қабатты үйлердің маңында көмулі жатқан мәйтті, ойын балалары көріп қалған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tvk-uko.kz

Басылымның хабарлауынша, қылмыстық әрекет 21 ші желтоқсан күні болған.

Кісі өлтіріп қылмысын жасыруға тырысқан күдікті мәйтті сол күні таңғы 4-тер шамасында гараждардың арасына көме салыпты.

Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру тобы, күдіктіні көпке ұзатпай Қайнарбұлақ саяжайында ұстаған.

1990 жылғы күдіктінің айтуынша, ол марқұммен бірге спирттік ішімдік ішкен екен. Кейін отырыс төбелеске ұласып, соны кісі өлімімен аяқталған.

Жан тапсырған 1974 жылғы азамат бұрын сотталған болып шықты.

comments powered by HyperComments