Шоу – бизнес өкілдері мектепте қандай әрекеті үшін ескерту алатын еді? Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында жұлдыздардың оқушы кезіндегі күнделіктерін жариялап, елді күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram
Аталмыш видеода Қайрат Нұртастың, Айжан Байзақованың, Тәуекел Мүсілім мен Жанар Дұғалованыңесімдері де аталған.
Ұстаз Қайрат Нұртастың көзілдірігін шешпейтінін ескертсе, Жанардың сныыптасымен сүйіскенін қызыл сиямен жазып қойған.
Осындай көңілді ролик жариялаған Баян Мақсатқызының оқырмандары «Керемет», «Көңіліміз көтеріліп қалды», «Нұртас Адамбайды қатырыпты» деген пікірлер қалдырды.
Айта кетейік, бұл ролик «Сыныптастар» фильміне арнайы түсірілген екен.