Домой Новости Шаруаң болмасын: Төреғали өз ісіне араласпауды сұрап, ән шығарды (видео)

Шаруаң болмасын: Төреғали өз ісіне араласпауды сұрап, ән шығарды (видео)

Осыдан біраз уақыт бұрын атышулы Төреғали Төреәлінің Павлодарда көрсеткен бейәдеп қылығын ел ұмыта қоймады. Көпшіліккке әнші тағы да жақпай қалды. Себебі, бұл жолы ол елге «Шаруаң болмасын» деген ән арнаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: Instagram

“Ешқандай ата-ана баласын жаман болсын деп тəрбиелемейді! Менің тəрбием, менің сана-сезімім! Әкем мен анамның берген тәрбиесінде кеткен ағаттық жоқ ағайын Қайратым тасып, қарусыз жараласам жастығым деп қабылдаңыздар! Тілім тиексіз болғанымен, түбім тексіз емес! Тентектігімді тексіздікке теңемеңіздер! Ай жоқ жерде көзге түскен балалығымның шалалығы ғой! Бала Төренің төрелігін берген бауырларында, шала Төренің “шаруасы жоқ” ағайын!” – деп жазды әнші.

«Өзіме-өзім беремін жауап, Сеніңде менде шаруаң болмасын» деген жолдары бар әннен соң, елдің барлығы наразылығын қайта бастады. Олар әнді осыдан біраз уақыт бұрынғы шудан соң, халыққа айтқан сөзі деп қабылдады.

Төреғали Төреәлі. Фото: скриншот

Оқырмандар болса «Жалпы адамның ісінен білуге болады. Жасарын жасап алып, енді шаруаң болмасын дегені қалай?», «Халықтың арқасында танылып отырып», «Мен, мен, өзім деп әлі ақталып жүрсің бе?», «Төреғали қуайын деді» деген пікірлерді жаудырды.

Айта кетейік, әннің мәтінін Қайнар Алагөзов жазған.

comments powered by HyperComments