Сәкен Майғазиев алдағы уақытта өткізетін жеке концертінде сұлу қыздармен бірігіп ән орындамақ. Әнші осы орайда байқау жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәкен Майғазиев. Фото: Instagram
Бұл туралы Майғазиев Instagram парақшасында жариялады. “Кәсіби және әуесқой әнші қыздардың назарына! Алла қаласа, 7 наурызда өтетін жеке концертімде менімен дуэт орындауға байқау жариялаймын. “Сен едiң” әнінің бір шумақ, бір қайырмасын қайырсаңыз орындасаңыз жеткілікті. Сәттілік!” – деп жазды әнші парақшасында.
Сахна төрінде Майғазиевпен ән шырқау бақытын әншіге ұнаған ару жеңіп алмақ.
Айта кетейік, “Музарт” тобының әншісі жеке кешін “Жүрегімнің ішіндегі жүрегім” деген атаумен өткізеді.