Домой Новости Павлодарда камераға түсіп қалған ұрылардың әрекеті жұртты таңғалдырды

Павлодарда камераға түсіп қалған ұрылардың әрекеті жұртты таңғалдырды

Павлодарда бейнекамераға түсіп қалған ұрылар зардап шегушіге өздері хабарласып, ұрлаған мүліктерін қайтарып берген. Бұл туралы Павлодардың қайырымды жандар клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото интернет желісінен алынды.

Көрнекі фото интернет желісінен алынды.

Оқиға 18 қаңтарда Кутузов көшесіндегі №42 үйде орын алған.

Дәл сол үйдің кіреберісіндегі бақылау камерасына теледидар, шаңсорғыш және үтік ұстап лифттен шыққан екі ер адамның бейнесі түсіп қалған. Олардың бірінің бет-жүзі камерадан анық байқалады.

Видеожазбаны еріктілер қайырымды жандардың жеке парақшасында жариялағаннан кейін ұрылар пәтер иесіне хабарласып, ұрланған заттарды қайтарып берген.

comments powered by HyperComments