
Павлодарда бейнекамераға түсіп қалған ұрылар зардап шегушіге өздері хабарласып, ұрлаған мүліктерін қайтарып берген. Бұл туралы Павлодардың қайырымды жандар клубының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Көрнекі фото интернет желісінен алынды.
Оқиға 18 қаңтарда Кутузов көшесіндегі №42 үйде орын алған.
Дәл сол үйдің кіреберісіндегі бақылау камерасына теледидар, шаңсорғыш және үтік ұстап лифттен шыққан екі ер адамның бейнесі түсіп қалған. Олардың бірінің бет-жүзі камерадан анық байқалады.
Видеожазбаны еріктілер қайырымды жандардың жеке парақшасында жариялағаннан кейін ұрылар пәтер иесіне хабарласып, ұрланған заттарды қайтарып берген.
comments powered by HyperComments