Домой Новости Павлодарда бесінші қабаттан секіріп кеткен жігіт ғажайыптың күшімен аман қалды

Павлодарда бесінші қабаттан секіріп кеткен жігіт ғажайыптың күшімен аман қалды

Павлодарда бесінші қабаттан құлаған 19 жасар жігіт аман қалды деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото интернет желіден алынды.

Көрнекі фото интернет желіден алынды.

Жас жігіт тірі қалғанымен әртүрлі дене жарақаттарын алған.

Бұл туралы инстаграм желісінде жарияланды.

Оқиға 31 қаңтарда түнде орын алған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт балконнан өзі секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар көмекке барғанда, жігіт мас күйде болған.

Зардап шегуші аураханаға жеткізілген. Қазір жағдайы тұрақты.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

comments powered by HyperComments