Домой Новости Наурыз айында жүз жылда бір рет көрінетін ерекше Ай пайда болады

Наурыз айында жүз жылда бір рет көрінетін ерекше Ай пайда болады

2 және 31 наурыз күндері бір айда екі рет ай толады. Мұндай құбылысты «көгілдір түсті ай» деп атайды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель айтқан мәліметке сүйеніп.

Наурыз айында жүз жылда бір рет көрінетін ерекше Ай пайда болады

Наурыз айында жүз жылда бір рет көрінетін ерекше Ай пайда болады

«Негізінде ол күні айдың түсі көгілдір түске өзгеріп кетпейді. Бұл ағылшын тіліндегі «Once in a Blue Moon» тіркесіне, яғни «өте сирек, жүз жылда бір рет» деген сөзге балама ретінде пайда болған теңеу», – дейді қазақстандық астрофизик.

Бір айда Айдың екі рет толуында тұрған ерекше ештеңе жоқ.

«Америкалықтар айдың толуына қатысты көптеген теңеу қолданады. Айдың шынымен көгілдір түске боялғанын орманда өрт болған кезде көруге болады. Өрттен шыққан түтіннің арғы жағынан ай көгілдір түсті болып көрінеді», – дейді Виктор Тейфель.

comments powered by HyperComments